Жамбылдағы жарылыс: Журналистер тергеуге алынды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғам

Жамбылдағы жарылыс: Журналистер тергеуге алынды

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде тараған ақпаратқа байланысты жетінші арнаның журналисі Данияр Әлімқұл мен Turaninfo.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Исламбек Дастан тергеліп жатыр, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.

Белгілі журналист Ирина Советжанқызы «Facebook» парақшасында аталмыш іске қатысты өз наразылығын білдірді.

«Құрметті әріптестер, Жамбылдағы жарылыстың жаңғыры басылмай жатып әріптесіміз Данияр Әлімқұл әлі белгісіз себеппен тергеуге алынды. Телефоны тәркіленіп, өзінен тіс жармауға қол хат жаздырып алынған.

Бізге белгілісі Даниярдың құзырлы органдарынан шақырту алғанына Байзақтағы кәсіпкердің ауласындағы снарядтарды көрсетуі себеп. Сонда егер қауіпті затты көрсең үндемей кету керек пе? Жемқорлықты, ұрлықты, жалпы қылмысты істі көрсең айналып өтуіміз керек пе?», — деп жазды ол.

Данияр Әлімқұл өзінің ауласына жарылған снарядтарды үйіп қойған Жамбыл облысының кәсіпкері туралы да хабарлаған болатын. Желі қолданушылары журналистерді кәсіби міндетін атқарғаны үшін қылмыстық қудалауға болмайды деп жазды. Аталмыш тақырып қоғамның қызу талқысына түсті.

Бұл іске қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мынадай релиз жариялады:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Turaninfo.kz агенттіктің тілшісі И. Дастан мен «7 арнаның» тілшісі Д. Әлімқұлдың сотқа дейінгі тергеу аясында Жамбыл облысының полиция департаментіне шақыртылуы бойынша келесіні хабарлайды.

Министрлік аталған факті бойынша толық ақпарат беру жөнінде құқық қорғау органдарына сұрау жолдады.

Осы уақытқа дейін белгілі болған мәлімет бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Аталған іс бойынша жоғарыда аталған БАҚ өкілдерінің мәртебесі куәгер ретінде белгіленді.

Министрлік бұл мәселені назарға алды және бақылауда ұстап отыр.», — делінген хабарламада.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабының «бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет» бөлімімен тергеліп жатыр. Тергеу амалдары басталған.

Ақмолалық спортшы джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button