Бурабайда сілеусін фототұзаққа түсіп қалды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Аймақ

Бурабайда сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сілеусін алғаш рет фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы ақпарат парктің "Instagram" парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.

Парк қызметкерлерінің айтуынша, өңірде сілеусіннің фототұзаққа түсіп қалу дерегі алғаш рет тіркеліп отыр. Аталмыш аң өте сақ болғандықтан, оны жасырын камераға түсіру қиын. 

«Сілеусін — мысықтар отрядына жатанын ең әдемі аң. Ол ешқашан адамға бірінші болып шабуылдамайды. Сілеусін жүргенде немесе секіріп, қарғығанда артқы аяқтары алдыңғы аяқтарының ізін басады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі кезде сілеусінді аулауға ­тыйым салынып, қатаң қорғауға алынған. Ол еліміз­дің Қаратау, Ақсу-Жабағылы, Ал­маты, Марқакөл және Батыс Алтай та­биғи қорықтарында және Сайрам-Өгем, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, «Көлсай көл­дері», Қатонқарағай, Баянауыл, Қар­қаралы, Көкшетау, Бурабай ұлттық табиғи саябақтарында және таулы алқап­тар­дағы табиғи қорықшаларда қорғауға алынған. Сілеусін хайуанаттар бақтарында қолдан көбейтіледі.

Облыстық прокуратура негізсіз салық салу фактілерін анықтады

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button