Ақмолалық спортшы джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Аймақ

Ақмолалық спортшы джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан “Asian Jiu Jitsu Championship 2021″ Азия чемпионаты өтті. Жерлес спортшымыз дүбірлі додадан алтын жүлдемен оралды, деп хабарлайды Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Таяу Шығыста өткен жарысқа 19 елдің 500-ге жуық спортшысы қатысқан.

«Ақмола облысының спортшысы Нұрсұлтан Дүйсенқұлов “Файтинг систем” бөлімінде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы жаттықтырушы Мұхит Жанғожиннің басшылығымен жаттығады»,- деді басқармадан.

Аударыспақтан Қазақстан чемпионатында ақмолалық спортшы қола жүлдеге ие болды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button