Ақмолалық құрама асық атудан екінші орынға ие болды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Ақмолалық құрама асық атудан екінші орынға ие болды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Нұр-Сұлтан қаласында "Ұлы дала рухы" атты ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестиваль өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Фестивальді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сонымен қатар «Ұлттық және ат спорты орталығы» бірлесе отырып ұйымдастырды.

Еліміздің спортшылары ұлттық ойындардың ішінде асық ату, қазақ күресінде, көкпарда күш сынасты. Жарысқа шамамен 225 спортшы қатысты.

Ақмола облысының спортшылары ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивальде жүлделі екінші орынға ие болды. Есбол Айтуар, Еркебай Сәрсеков, Сайлаубек Ташимов, Думан Көгершін және Аружан Ерханова құраманың сапында өнер көрсетті.

Спортшылар өңірдің аға жаттықтырушысы Самат Әукенов, Алмат Бейсембаев, Шайхан Амантай және Ерболат Семейханның жетекшілігімен жаттығады.

12 жасар ақмолалық муай-тайдан Қазақстан чемпионы атанды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button