Жазушылар одағының төрағасы Көкшетауда - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақРуханият

Жазушылар одағының төрағасы Көкшетауда

Облыс орталығындағы әдебиет, мәдениет және өнердің хал-ахуалын білу мақсатында шаһарға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы және филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Бауыржан Жақып келді.

Құрметті қонақтарды ақын, Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің басшысы Қуаныш Оспан, ақын, «Көкше-контент» ақпарат агенттігінің директоры Мерген Тоқсанбай және қаланың өзге де бір топ ақындары қарсы алды. 

Қалаға келісімен-ақ, жазушылар Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қабылдауында болып, аймақтық «Көкше» телеарнасына сұхбат берді.

Ақындар қаланың өзге де мәдени ошақтарына, оқу ордаларына барып, кездесулерге қатысуды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, алдағы күндері Жазушылар одағының басқарма төрағасы қала жұртшылығына өзге де жаңалықтарды хабарлайды.

Соңғы жаңалықтарды өткізіп алмас үшін «Көкше-контент» ақпарат агенттігін оқыңыздар.

Бурабайда сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button