Облыстағы істен шыққан электр жүйелерін қалпына келтіру керек - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Облыстағы істен шыққан электр жүйелерін қалпына келтіру керек

ҚР энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақмола облысының әкімдігіне жылыту маусымына қатысты кеңес берді.

«2021 жылдың 10 шілдесінде орын алған аварияға байланысты Ақмола облысы Талапкер кентінің электр жүйелерінің сымдары күйіп кетті», — деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары уақытша. Алайда, ол Талапкер кентін электрмен қамту сенімділігін айтарлықтай төмендетіп отыр.

«Ақмола облысының әкімдігі зақымданған электр желілерін қалпына келтіруді қаржыландыру және алдағы жылыту маусымы басталғанға дейін Талапкер кентін электрмен жабдықтаудың іске жарамды схемасын жасап, мәселені шешуі қажет», — деп түйіндеді министр.

Өңір диқандары егін орағын 80 пайыздан асырды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button