Өңір диқандары егін орағын 80 пайыздан асырды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Аймақ

Өңір диқандары егін орағын 80 пайыздан асырды

Ақмола облысының диқандары күзгі егін орағы жұмыстарының 81,1 пайызын еңсерді, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін облыста 3673,7 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 2938,9 мың гектары бастырылды. Бұл — барлық егіс алқабының 81,1 пайызын құрайды.

«Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 8 центнерден астық жиналуда. Ал, астықты өңірлер Сандықтау және Зеренді аудандарында бұл көрсеткіш 11,2-10,8 центнерден асып отыр. Орақ науқанының 84,7 және 80,7 пайызын еңсерген Есіл және Жақсы аудандарының диқандары көш бастап келеді»,- деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетейік, биылғы жылы облыс бойынша себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 4530,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, мал азығы, картоп және көкөніс бар.

Ақмолалық жастар Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысып жатыр

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button