Тоқал алғаны үшін өлім жазасына кесілді - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ҚылмысСаясат

Тоқал алғаны үшін өлім жазасына кесілді

Қытай басшылығы партия комитетінің бұрынғы хатшысы әрі China Huarong Asset Management Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Лай Сяоминді өлім жазасына кесті.

Бұндай жазаны Сяоминге Тяньцзин соты жемқорлықпен, парақорлықпен айналысқаны және тоқал алғаны үшін тағайындады.

2018 жылы Сяомин өрескел ереже бұзушылығы үшін партиядан аластатылған болатын. Онымен қоймай бұл кісі Қытай ұстанымдарына жат саяси ойындарға салынып, тексерістер мен комиссиялардың жұмысына кедергі келтіру арқылы белгілі бір адамдардың лауазымдық өсуіне жәрдемдескен екен.

Ол — ол ма, Сотта Сяоминге қымбат сыйлықтар алу, заңсыз банкеттер ұйымдастыру, өзінің қызметтік жағдайын жеке мақсаттарда пайдалану сияқты айыптар тақты.

Лай Сяомин 1962 жылы дүниеге келген. Өз қызмет жолын ол Қытай халық банкінен бастап, 2003 жылы банктер қызметін басқару комитетіне ауысқан, 2009 жылы China Huarong Asset Management Co., Ltd компаниясына жұмысқа орналасып, 2012 жылы бұл компанияның тізгінін қолына алған.

China Huarong Asset Management Co., Ltd компаниясы 1997 жылы «Азиялық кризиске» қарсы жауап ретінде мемлекет бастамашылығымен құрылған. Қазіргі таңда бұл компания — Қытайдағы активтер көлемі жағынан ең ірі мекеме саналады.

 

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button