Тәуелсіздікке 30 жыл. "Добро пожаловать в школу!" - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ҚоғамРуханият

Тәуелсіздікке 30 жыл. «Добро пожаловать в школу!»

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Жақын арада өңірімізде де дәстүр бойынша «Тілдер онкүндігі» басталады. Қоғам қайраткерлерінің желідегі парақшаларында, БАҚ беттерінде «Тілдер онкүндігі басталды», «Ақмолада 300-ге жуық шара өткізіледі», «Көкшетауда 40-қа жуық шара ұйымдастырылады» деген жазбалар жарияланады. Жауаптылар мен шенді-шекпенділер әдеттегідей «Тіл әлеуеті жақсарды», «Қазақ тілінің қолданысы артты» деп бөркін аспанға атады. 

Алайда, қазақ тілінің тағдыры биік-биік мінберлерден айтылатын мәліметпен, халыққа жеткізілетін статистикамен сәйкес келе ме?

Өзге тілдерге қарсылығымыз жоқ, алайда өңірімізде өз тіліміздің өркен жаюы қиынға соғып тұр. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен биылғы оқу жылына қатысты ақпарат сұраттық. Мәліметке сүйенер болсақ, 25 тамыз статистикасына сай Ақмола облысы бойынша 1 сыныпқа 14630 бала қабылданды. Жаңа оқу жылында 6733 бала қазақ сыныптарына барса, қалған 7897-сі орыс сыныптарына өтті.

Енді дәл осы тұста Ақмола облысының ұлттық құрамына назар аударайық. Аймақ тұрғындарының 60 %-ға жуығы қазақтар. 30%-ы шамасында орыстар және қалған пайызына өзге ұлттар кіреді. Байқағандарыңыздай, тұрғындардың негізгі бөлігін қазақтар құрайды. Алайда, орыс сыныптарына баратын білім алушылардың саны қазақ сыныптарына баратындардан әлдеқайда көп. Сондай-ақ, орыс сыныптарына қабылданған оқушылардың дені қазақ балалары екенін атап өткен абзал.

Бір ғана пайым бар. Іс-шаралар өткізіледі, шаралар ұйымдастырылады. Бөлінген қаражат дұрыс игерілмей, бұл құр науқаншылдық пен көзбояушылыққа айналады. Ішкі саясат пен білім басқармалары, тілдерді дамыту бөлімі жұмыстарын күшейтіп, үгіт-насихатты арттырса екен дейміз. Бірақ мұның барлығын уақыт көрсетер…

Айтпақшы, алдағы онкүндікті бақылап, хабар таратамыз. «Көкше-контент» ақпарат агенттігін оқыңыздар! 

Ақмола облысында жаңа қызметтік көліктер табысталды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button