Мың шақырымдық сапар. Экспедиция мүшелері Әлкей Марғұлан ауылына барды(ВИДЕО) - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақАйшықты АқмолаӘлеуметҚоғам

Мың шақырымдық сапар. Экспедиция мүшелері Әлкей Марғұлан ауылына барды(ВИДЕО)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық Ат туризм федерациясы ұйымдастырған салт аттылардың көпкүндік экспедициясы жалғасуда.

Елордадан Жидебайға жолға шыққан салт аттылар сапардың бесінші күнінде 250 шақырымды артқа тастап, Әлкей Марғұлан ауылына жетті.

Экспедиция мүшелері атқа міну мәдениетін дәріптеп қана қоймай, Қазақстанның киелі жерлеріне тоқтап, тарихи тұлғаларына тағзым етіп келеді. Экспедиция мүшелерінің  Әлкей Марғұлан атындағы мемориалдық мектеп мұражайына соғуы — соның бірден-бір дәлелі.

Ауыл мектебіндегі бастауыш сынып мұғалімі Әсел Маратқызының айтуынша, мұражай 2004 жылы Әлкей Марғұланның 100 жылдығына орай ашылған. 

«Біз мұражайда оқушыларға ашық сабақтар, экскурсиялар өткіземіз. Оқушыларымыз Әлкей аталары сияқты археолог, ғалым болғылары келеді», — дейді жас маман. 

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының 10 мен 30 аралығына жоспарланған 1000 шақырымдық сапар – ел тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. 

Салт атты экспедиция мүшелері Олжабай батыр кесенесі мен Бұйратау ұлттық паркінде болды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button