Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғамСаясат

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Қымбатты отандастар!

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі. Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда. Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз. Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!

Дереккөз: https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/akorda_other_events/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-rozhdestvo-merekesimen-kuttyktauy-1

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button