"Мәдениет басқармасы саған айтам, Білім басқармасы, Сен тыңда!" - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақАйшықты АқмолаӘлеуметҚоғамРуханият

«Мәдениет басқармасы саған айтам, Білім басқармасы, Сен тыңда!»

Өткен айда Ақмола облысы Қазақстанның 2021 жылғы "мәдени астанасы" атанды. Мәдениет саласы кенжелеп тұрса да, облысымыз зор ілтипатпен бас изеп, жауапкершілікті мойнына алып, бір-ақ күнде "мәдени астана" болып шыға келді. Бір аптаға жуық уақыт "Рухани қазына - 2021" фестивалі өтіп, мәре-сәре болдық. Еліміздің түкпір-түкпірінен мәртебелі меймандар жиналды. Көкшенің де мәртебесі бір сәт асқақтады дерсіз. 

Көкше жұртына алып-ұшып жеткен Мәдениет министрі орынбасарының өзі киелі жердің киесін сезгендей қатты толқыды. Ауызынан «сөз тайғанап»,  жұртшылықты күлкіге бір қарқ қылды. Жә, өткен іс өтті. Бүгінгі айтарымыз да ол емес.

Ал енді сол «Рухани қазына — 2021» фестивалінің нәтижесі қалай болды?!

Жергілікті ұйымдар мен жерлестеріміз бірінен соң бірі жүлде алғанда, біз оны алғашқы ақпарат көзі ретінде сүйіншіледік. Жеңістері мен жетістіктеріне шын қуандық. 

Бірақ, бұл жеңіске не Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы, не Білім басқармасы қуана қоймағандай. Олай дейтініміз, аталған фестивальде топ жарған «Кітапханалардың үздік инклюзивті онлайн жобасы» қолдау таппай отыр.

Республика көлеміндегі бұрын-соңды болмаған ең бірегей жобаны Ақмола облысында қаржы болмаса, басқа облыстар «сатып аламыз» деп алақанын ысқылап отыр. Осы жобаның маңызы мен қоғамға пайдасы өте көп. Бұл — жобаны жасаған автордың сөзі. 

Егер Ақмола облысынан нәтиже болмаса, ол оп-оңай өзге облыстың олжасына айналып, мәртебесін бір көтеретіні анық. Көзбояушылыққа толы көптеген жобаларға уыстап ақша шашқанша, қоғамға пайдасы бар дүниені бағалай алмайтынымыз не осы?!

(с)»Kokshe Content» Ақпарат агенттігі

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button