Көкшетау қаласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бизнес инкубаторы» жобасы іске асырылып келеді. Басты мақсаты – мектеп, колледж немесе жоғары оқу орындарындағы студенттерді кәсіпкерлік негізге үйретіп, өз кәсібін ашуға мүмкіндік беру.