Көкшетаудың «Үздік мемлекеттік қызметшісі» - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақАйшықты АқмолаӘлеуметҚоғам

Көкшетаудың «Үздік мемлекеттік қызметшісі»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында «Үздік мемлекеттік қызметші – 2021» облыстық байқауын өткізді.

Байқау шарты бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметтегі өз жұмысы, отбасы, өмірлік құндылықтары мен кәсіби қасиеттері туралы бейнепрезентация дайындады. Сондай-ақ, қатысушылар түрлі шығармашылық жанрларда өздерін көрсете білген шығармашылық байқауда бақ сынасты. Байқаудың тағы бір шарты эссе жазу болды.

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыру – бақылау секторының бас маманы Айтолқын Болатқызы «Үздік мемлекеттік қызметші — 2021″» байқауының жеңімпазы атанды.

«Үздік презентация» номинациясында Атбасар ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Гүлдан Байкенова, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясында Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Назира Шпанова, «Тәуелсіздік — мен үшін» тақырыбындағы үздік эссе» номинациясында Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Айжан Нөкербекова марапатталды.

Бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруде ерекше маңызға ие,  бастамашыл және талантты мемлекеттік қызметшілерді анықтауға және көтермелеуге ықпал етеді.

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button