АймақРуханият
Көкшетауда аймақтық театрлар фестивалі өтеді
Көкшетауда қыркүйектің 17-20 күндері аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық - драма теарының 25 жылдығына орай III - Аймақтық театрлар фестивалі өтеді, - деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.
Фестивальге Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларындағы облыстық қазақ театрлары қатысады деп жоспарланып отыр.
17 — қыркүйек күіне арналған іс — шара жоспары:
16:00 – 16:30 баспасөз маслихаты БАҚ өкілдерінің қатысуымен.
17:00 – 18:00 Фестивальдің ашылуы. Фестиваль негізін қалаушылар мен фестиваль қатысушыларының қызыл кілемнен өтуі.
18:00 – 19:30 Фестиваль ашылуына орай, конкурстан тыс «P.S.Мен сені сағындым» қойылымының көрсетілімі.
Авторы: А. Володин
Режиссері: Б. Абдрахманов
Айта кетейік, аталған іс-шаралар Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ –музыкалық драма театрының ғимаратында өтеді.
Облыстағы істен шыққан электр жүйелерін қалпына келтіру керек