Иманбек Ресейдің GQ журналының "Жыл жаңалығы" аталымында жеңіске жетті - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Қоғам

Иманбек Ресейдің GQ журналының «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті

Грэмми иегері, қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Ресейдің GQ журналының дәстүрлі сыйлығында "Жыл жаңалығы" аталымында жеңіске жетті, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі. 

«Grammy сыйлығы, аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдалым және әлемдік музыкалық компаниялармен, лейблдармен келісімшарттар. Рэпер Saint Jhn-нің Roses трегіне жасаған ремиксы биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылған қазақстандық диджей әрі продюссер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екендігіне сенімдіміз», — деп жазады GQ басылымы.

Айта кетейік, Иманбекпен бірге бұл аталымда Федор Федотов, Владимир Онохов, Soda Luv, Евгений Сангаджиев сынды танымал әртістер де бақ сынады.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы 25°С дейін жылынады

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button