Аталмыш марапат жерлесімізге режиссер Эли Гильманның «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін табысталды.
Фото: kazakhfilmstudios.kz
Еркебұлан Дайыров өзінің «Instagram» парақшасында қазақстандықтарға алғыс білдіріп, бұл оның ғана емес, тұтас түсірілім тобының жеңісі екенін жеткізді.
Құрметті достар, баршаңызға мың алғыс! Сіздер барда саф сұлу өнер өмір сүруін тоқтатпау керек деп ойлаймын. Және барша түсірілім тобын шын жүректен құттықтаймын!», — деп жазды ол.
Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. 2006 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
Ол 2013 жылы Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығымен, ал 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы Құрмет орденімен марапатталды.
Еркебұлан Дайыров көпшілік көрерменге «Анаға апарар жол», «Әміре», «Тобыл», «Бауыржан Момышұлы» және «Балуан Шолақ» фильмдеріндегі рөлдерімен таныс.