Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2021 жылдың 11-13 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Апта соңында ел аумағының басым бөлігі әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағаймен жаңбыр жауады.
Содан кейін 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысатын болады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндеріне дейін төмендеуіне әкеледі.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 градус аяз – 12 градус жылы, күндіз 15-27 градустан 20-30 градусқа дейін жылы.
Солтүстік-батыста ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 градус жылудан 3 градус аязға дейін төмендеп, 10 градусқа жылынады, күндіз негізгі фон 12-23 градус жылы.
Солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 градус жылудан 3 градус аязға дейін – 5 градус жылы, күндіз негізгі фон 10-20 градус жылы, шығыста 5-13 градус жылудан 1 градус аязға дейін – 10 градус жылы, күндіз 17-25 градус шамасында.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 жылы болады.