Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғам

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлескен бұйрық шығарды. Оның жобасы «Ашық НҚА» сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жүргізуші куәлігін алу үшін алдымен теориялық, одан кейін практикалық емтихан тапсыру керек. Бұған дейін емтиханның бірін тапсыра алмаған адам келесі күндері де емтихан тапсыруға келе алатын. Қысқасы, тапсырушыға әр күн сайын бір мүмкіндік берілетін. Ал, жаңа құжатқа сәйкес, қайта тапсыру үшін арада кем дегенде бір күн уақыт өту керек. Теорияны тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді.

«Емтихан алушы практикалық емтихан тапсыру үшін теориялық тестілеу күнінен кемінде бір күн (жұмыс күні) бұрын емтихан тапсыру орнын, күні мен уақытын өзі таңдайды», – делінген құжатта.

Зеренді ауданы. Арнайы репортаж (ВИДЕО)

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button