Аймақ
Қазақстанда 44 градус ыстық болады
Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ауа райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінің әсерінен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Жауын-шашыннан басқа ауа температурасы күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 жылыға дейін, оңтүстікте 37-44 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 ыстық болады, тек еліміздің батысында ғана 33-41 ыстықтан 25-33 градусқа дейін біртіндеп төмендейді.