Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 9-қыркүйек күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпыды.
«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы, Бурабай ауданының ТЖБ жеке құрамынан 8 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған үйден 1969 жылғы ер адам мен 1981 жылғы әйелдің денесі табылды», — деді ведомстводан.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, өрт болған жерде өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.