Қазақстанда ГУЛАГ-тың ең ірі мекемесі Қарағанды лагері немесе халық арасында ҚарЛАГ саналған еңбекпен түзеу лагері болды. Жазықсыз жандардың сол жерде көрген қасіреті мен тартқан азабы - ғасырдың қара таңбасы. Мұндай зұлмат ешқашан ұмытылмайды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Қарлаг қасіретін бүгінгі ұрпаққа ұғындыру үшін "КӨКШЕ-КОНТЕНТ" Ақпарат агенттігінің тілшілері жуырда Қарағанды қаласына арнайы барып, осындай бейнематериал жасады.