Қалалық ақындар айтысы өтті - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақРуханият

Қалалық ақындар айтысы өтті

Облыс орталығында Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Достар» мәдениет сарайында өткен айтыстың мақсаты — қазақ өнерін дамыту, жас ақындарды қолдау, айтыс мәдениетін дәріптеу. 

Айтыс барысында ақындар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын, саяси тұрақтылықты, тіл тақырыбын жырлады. 

Ақын Арман Бердалин, Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің жетекшісі, ақын Қуаныш Оспан, «Көкшетау» газетінің бас редакторы, ақын, жазушы Серік Жетпісқалиев айтысқа төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Көкшетаулық Нұрмахан Жақыпбек иеленді.

«Жыр сайысына қатысып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Айтыскерлердің әрқайсысы шеберлік пен импровизацияның жоғары деңгейін көрсетті. Шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», — деді ол.

Екінші орынды Думан Самат, үшінші орынды жас ақын Абзал Жұмабек жеңіп алды. Жүлдегерлерге мен қатысушыларға диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтар табысталды. 

Облыстық кітапханада қазақ тілін үйрету курстары ашылды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button