Аймақ
Ақмолалық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті
Ақтау қаласында бокстан ересектер арасындағы XIII халықаралық турнир аяқталды. Нәтижесінде ақмолалық қос спортшы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.
Жерлес боксшымыз Тимур Қабдешов аталмыш турнирде қола жүлдеге ие болса, Оразбек Асылқұлов қарсыластарынан басым түсіп, сайыстың чемпионы атанды.
«Осылайша спортшылар Қазақстанның құрама командасына кірді. Олар жақын арада Сербияда өтетін әлем чемпионатына дайындықтарын бастайды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, турнир КСРО-ның Қазақстандағы алғашқы спорт шебері, Қазақстан боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналды.