Балуан Шолақ атындағы Ақмола облыстық Ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Мақсат Азбаевпен сұхбаттастық. Сұхбат барысында ұлттық спорттың шешімін таппай жатқан мәселелері, кадр жетіспеушілігі, спорт жарнамасының кемшіліктері талқыланды.
«Ақмола облысында Ұлттық спортқа жағдай жасалмаған. Басқармалар, облыс әкімі ұлттық спортқа қолдау көрсетсе, тамаша болады», — дейді Мақсат Азбаев.
Айта кетейік, Ақмола облыстық спорт басқармасының ресми сайты 3 ай бойы жаңартылмаған. Соңғы жазба сәуір айының 19-ы күні жарияланған.
(с)»Kokshe Content» Ақпарат агенттігі