24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
24 шілде күні күндіз Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады, облыстың батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
24-25 шілдеде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз 24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерінде 44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
25 шілдеде күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.
25 шілдеде күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде 46 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
25-27 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 44 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді.