ЖОО педагогтарының шекті жалақысы бекітілді - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғам

ЖОО педагогтарының шекті жалақысы бекітілді

Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Былтыр Мемлекет басшысының қолдауымен маңызды бір мәселе шешілді. Біздің әріптестерімізде үлкен үрей болды. Университеттерді жаңа формаға ауыстырып жатқаннан кейін олардың сатылып кетуі бойынша үрей туды. Мемлекет басшысы осыған қатысты нақты тапсырма берді. Біз заңнамаға өзгерістер енгіздік. «Білім туралы» заңда мемлекеттік университеттерді сатпау бойынша норма енгізілді. Олар әртараптандыруға жатпайды, — деді министр.

Асхат Аймағамбетов өткен жолы грант құны 340-420 мың теңгеден млн теңгеге көбейгенін айтты.

Бұл өз кезегінде педагогтардың жалақысын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекет тапсырысы бойынша мен қабылдаған бұйрық аясында ЖОО-лар мұғалімдерінің шекті жалақысы бекітілді. Мысалы, жай оқытушыларға 200 мың, аға оқытушыларға 230 мың, педагогтарға 350 мың шекті жалақы белгіленді, — деді Аймағамбетов.

Министр бұл жалақы бойынша бір ставкаға 680 сағаттан көп жүктеме болмауы керегін жеткізді.

Барлық мемлекеттік университетте бұл шешім жүзеге асырылады, — деді ол.

Қосшы қаласында прокурор тағайындалды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button