Қосшы қаласында прокурор тағайындалды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Қосшы қаласында прокурор тағайындалды

Ақмола облысы Қосшы қаласының прокуроры тағайындалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жүсіп Ерболат Ақмола облысы Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды»,- делінген хабарламада. 

Жүсіп Ерболат Еркінұлы 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Прокуратура органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етіп келеді. 

Сондай-ақ, Ерболат Жүсіп Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының Басқарма бастығы, СҚО Уәлиханов ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы — Аппарат басшысы қызметтерін атқарған. 

Сыныптық шені — әділет кеңесшісі. 

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқарма басшысына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button