ЖОЛШЫЛАРДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

ЖОЛШЫЛАРДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының Ақмола облыстық филиалы «1000 мектеп» акциясы аясында кәсіби бағдарлау іс-шараларын өткізіп жатыр. Бүгін Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін филиал қабырғасында «ашық есік күні» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Жол активтері Ұлттық сапа орталығының Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Оқушылар алдында филиал директоры Талғат Жүсіпов сөз сөйледі. Ол филиал қызметінің мақсаттары мен міндеттері, өңірдің және жалпы еліміздің автожол саласының жетістіктері туралы айтып берді. Филиал директоры жол саласын кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне жеке тоқталды.

«Автожолдарды салу және жөндеу көлемі өсуде, еңбек нарығы бұл салада білікті мамандарды қажет етеді. Мемлекет тарапынан кадрлар даярлауда үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Жыл сайын жол саласының түрлі мамандықтары бойынша оқуға 10 мыңға дейін грант бөлініп, студенттер стипендиялармен және жатақханалармен қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының директоры Талғат Жүсіпов.

Филиал мамандары оқушыларға жолшылардың жұмыс спектріне қандай мәселелер кіретіндігін, қандай заманауи технологиялар мен жабдықтар бар екендігін егжей-тегжейлі таныстырды. Филиалдың мемлекеттік есепке алу және сапаны бақылау бөлімінің басшысы Александр Волков жол инженерлерінің жұмысы, қандай жабдықтармен және жолдардың сапасын қалай тексеретіні туралы айтып берді. Шаймұрат Ерболат бастаған зертхана мамандары филиалдың сынақ зертханасын, оның техникалық жарақтандырылуын және мұнда қандай сынақтар жүргізіліп жатқанын көрсетті.

«Жолшының әр жұмыс күні қызықты. Ол ұқыптылық, жауапкершілік және еңбекқорлық сияқты бірқатар қасиеттерді қажет етеді. Біздің мамандығымыздың моральдық құрамдас бөлігі де маңызды, өйткені азаматтардың автожолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығы біздің жұмысымызға байланысты. Сондықтан мен жолшы болғаным үшін мақтанамын», — деді филиалдың сынақ зертханасының сарапшысы Азамат Мұратбеков.

Естеріңізге сала кетейік, «1000 мектеп» акциясы автожол саласындағы кадр тапшылығын шешуге және талапкерлерді жол мамандықтарына түсуге тартуға бағытталған.

Көкшетауда еліміздің үздік экскурсоводы анықталды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button