Ақмола облысының 100-ден астам мектебінің оқушылары жол-құрылыс саласына жақын болды. Жыл басынан бері «2000 мектеп» акциясы аясында жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының аймақтық филиалының ұжымы олармен кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, дәрістер оқып, ақпараттық-түсіндіру бейнероликтерін көрсетті.
«2000» акциясы еліміздің жол-құрылыс саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Акцияның басты міндеті — болашақ талапкерлерге жол саласының негізгі бағыттарын түсіндіру, осы саладағы жұмыстың артықшылықтары мен перспективаларын сипаттау, мамандықтар мен оқу орындары туралы хабардар ету, сондай-ақ оқушыларды қызықтыратын сұрақтарына жауап беру. Осының бәрін Жол активтері Ұлттық сапа Орталығы облыстық филиалының мамандары іске асырды.
«Қазір біз оқушыларға жол-құрылыс саласы туралы бәрін түсіндіріп, автожолшы болуға шақырамыз. Орта арнаулы немесе жоғары білімді қайдан алуға болады, жалақы мен мансаптық өсу туралы ақпарат береміз. Ауыл мектептеріне басты назар аударылады. Біз оқушылардың біздің салада жұмыс істеуге деген қызығушылығын оятқымыз келеді. Бар ақпаратты ой-елегінен өткізуге мүмкіндік беріп, барлық қажетті ақпаратты ұсынамыз, тәжірибелі жолшылар бұл мамандықты қалай таңдағандарын айтады. Бұл оқушыларға саналы түрде жолшы мамандығын таңдауға, өз бағытын анықтауға, колледж немесе ЖОО таңдауға жағдай жасағымыз келеді», — деді филиал директоры Талғат Жүсіпов.
Жыл басынан бері жолшылар Көкшетау қаласы, Астрахан, Аршалы, Жарқайың, Есіл, Сандықтау, Шортанды аудандарының мектеп оқушыларымен онлайн және оффлайн форматта кездесіп, «Өмірлік қиын жағдайда балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ-нің ашық есік күнін өткізді. Жыл соңына дейін облыстағы барлық аудандардың жалпы білім беретін мектептерін «2000 мектеп» акциясымен қамту жоспарлануда.
«Қазір біз акцияны ағымдағы жылдың үш айында қорытындылаймыз. Өзгерістер енгіземіз, материалдар мен буклеттерді жаңартамыз, карантиндік шектеулерді жеңілдетуге байланысты тірі кездесулер, диалогтық алаңдар, ашық сабақтар көбірек болады. Жалпы, кері байланыс бар, оқушылар қызығушылық танытып, өз сұрақтарын жолдайды, біздің салаға келуге ниет білдіргендер де бар. Олар экскурсияға, ашық есік күндеріне келеді, бұл олардың көріністерін кеңейтеді, мұнда қалай жұмыс істейтінін анық көрсетеді. Оқушылармен кездесу форматы әлі жетілдіріледі, оларға қолжетімді және пайдалы ақпарат беру – біздің басты міндетіміз», — деп атап өтті жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы областық филиалының баспасөз хатшысы Аслан Әбутәліпов.
Төртінші тоқсаннан бастап филиал өңірдің ауылдық мектептерінде бірқатар ірі кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізуге ниетті. Жақын маңдағы ауылдар мен Көкшетау қаласының оқушылары үшін мамандар филиал қабырғаларына, сынақ зертханасына экскурсиялар мен ашық есік күндерін ұйымдастыруға және заманауи жол технологиялары мен арнайы техниканы көрсетуге жоспар құрып отыр.