ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ: САПА МЕН БАҚЫЛАУ - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ: САПА МЕН БАҚЫЛАУ

Осы жылы өңірдің республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында көптеген құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. «Жақсы-Чистополье» автожолын, «Алматы – Екатеринбург» халықаралық магистралінің учаскесін,  «Зеренді-Красный Кордон-облыс шеқарасы», «Көкшетау-Красный Яр-Симферополь-Жолдыбай» күрделі жөндеу ірі жобалары жалғасып, «Көкшетау-Атбасар», «Щучинск-Степняк-Уалиханов» бағыттарында жөндеу жұмыстары бастау алды. Біздің облыс аумағында шамамен 2,3 мың километр республикалық, 2,7 мың облыстық және 3 мың аудандық маңызы бар автожолдар бар. Бұл жолдар көлік желісі мен өңірдің инфрақұрылымдық дамуында маңызды орын алады.

Республикалық автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстау сапасы әрдайым халықтың, жұртшылық пен БАҚ-тың жіті назарында. Мәселен, 2022 жылы облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға және жөндеуге 60 миллиардтан астам теңге бөлінді. Облыс тұрғындарының осы жолдардың жағдайы, оларда ақаулардың болуы бойынша жауапты органдарға шағымдары мен өтініштері жиі келіп түсетін. Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалында атап өткендей, халықтың барлық өтініштері бойынша шығулар жүргізіліп, жол-құрылыс материалдарының сынамалары алынып, олардың кейінгі зертханалық сынақтары өткізіледі. Нәтижесінде сапаны қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар қабылдануда. Мамандар мәлімдегендей, өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы жақсы деңгейде және 82% — ды құрайды.

«Жалпы жыл басынан бері біздің филиал жол-құрылыс нысандарына және автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бойынша 245 шығулар жүргізді. Соның барысында 524 ақаулар анықталды. Соның 124 жол-құрылыс жұмыстары кезінде, 245 күтіп-ұстау бойынша, 155 кепілдік учаскелері. Кейбір мердігер ұйымдар қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше ақаулар бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хаттар жолдадық. Облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардан 400-ге жуық жол-құрылыс материалдарының сынамалары алынып, зертханада зерттелді. Талаптарға сәйкес келмейтін сынамалар бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымға хаттар жолданды», — деп мәлімдеді филиал директоры Талғат Жүсіпов. 

Филиал жұмысының маңызды бағыты — автожолдардың жай-күйін анықтау үшін диагностика өткізу. Жыл басынан бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында диагностика, қозғалыс қарқындылығын есепке алу, сондай-ақ су өткізу құбырларын тексеру шеңберінде камералдық түсірілімдер жүргізілді. Соның ішінде «Нұр-Сұлтан – Петропавл», «Көкшетау – Атбасар» автожолдары. Жалпы ұзындығы 388,3 шақырым, 163 су өткізу құбыры тексерілді.

«Олардың нәтижелері бойынша автомобиль жолдарының техникалық жай-күйінің мынадай көрсеткіштері сарапталды: жол жүрісі қауіпсіздігінің деңгейі; жабынның тегістігі; ілінісу коэффициенті; серпімділік модулі, геометриялық параметрлері, сондай-ақ жол төсемінің ақаулары. Ақаулы учаскелердегі диагностика бойынша жүргізілген іс-шаралар негізінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және ақауларды жоюға ұсынымдар берілді», — деп мәлімдеді мемлекет есеп бойынша инженер Абылай Төлеуов.

Филиал мамандары атап өткендей, олардың жұмысының басты мақсаты – жазаға тарту немесе кінәліні іздеу емес, уақытында кемшіліктерді табу және жою, барлық жұмыс түрлері мен қолданылатын материалдардың сапасы мен талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету. Мамандардың айтуы бойынша, өңір автожолдарында сапа, жайлылық пен қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын, ал жолшылардың ұраны «жақсы жолдан – жарқын өмірге» басты қағидат болып қала беретінін ерекше атап өтті.

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button