ЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ? - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

ЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң мәлiметiнше, жол құрылысы саласында мамандар жетiспейдi. Бұл үлкен техника мен күшiмiз бола тұра көп нәрсеге тосқауыл. Бұл тек құрылыс инженерлері ғана емес, сонымен қатар көптеген маңызды және аса қажетті мамандар, мысалы  машинистер, механиктер, бетоншылар, автогрейдеристер, асфальтбетоншылар және асфальтбетоншылар, зертханашыларды табу оңайға соқпайды. Сарапшылардың пікіріне жүгінсек, кадр тапшылығы жол-құрылыс маусымы қызып жатқанда 10 мың маманға дейін жетеді. Бұл елдің инфрақұрылымдық дамуына, орындалатын жұмыстардың, жобаларды іске асырудың сапасы мен мерзіміне әсер етеді. Жақында білікті техникалық кадрларды даярлау қажеттігін Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың өзі де атап өтті.

«Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет»,- деді Президент.

Қазіргі таңда ҚР ИИДМ жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы «2000» мектеп акциясын жүзеге асырып келеді. Бұл бастама еліміздің жол-құрылыс саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Акцияның басты міндеті — болашақ талапкерлерге жол саласының негізгі бағыттарымен тұстарын түсіндіру, осы саладағы жұмыстың артықшылықтары мен перспективаларын сипаттау, мамандықтар мен оқу орындары туралы хабардар ету, сондай-ақ оқушыларды қызықтыратын сұрақтарына жауап беру.

«Қазір біз оқушыларға жол-құрылыс саласы туралы бәрін түсіндіріп, автожолшы болуға шақырамыз. Орта арнаулы немесе жоғары білімді қайдан алуға болады, жалақы мен мансаптық өсуге туралы ақпарат береміз. Ауыл мектептеріне басты назар аударылады. Біз оқушылардың біздің салада жұмыс істеуге деген қызығушылығын оятқымыз келеді. Бар ақпаратты ой-елегінен өткізуге мүмкіндік беріп, барлық қажетті ақпаратты ұсынамыз, тәжірибелі жолшылар бұл мамандықты қалай таңдағандарын айтады. Бұл оқушыларға саналы түрде жолшы мамандығын таңдауға, өз бағытын анықтауға, колледж немесе ЖОО таңдауға жағдай жасағымыз келеді. Жыл басынан бері жолшылар Көкшетау қаласы, Астрахан, Аршалы, Жарқайың, Есіл, Сандықтау, Шортанды аудандарының мектеп оқушыларымен онлайн және оффлайн форматта кездесті. «Өмірлік қиын жағдайда балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ-нің ашық есік күнін өткізді. Жыл соңына дейін облыстағы барлық аудандардың жалпы білім беретін мектептерін «2000 мектеп» акциясымен қамту жоспарлануда», — деді жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының жол-құрылыс материалдары бойынша инженер Ерболат Шаймұрат.

Елімізде құрылыс көлемі жыл сайын артып келеді. Кадр тапшылығын шешу мақсатында жоғары оқу орындары және колледж студенттерін ақылы тәжірибелік практикаға тартып жатыр. Мысали, әрбір филиалда жыл сайын 5 студентке дейін ақылы практика өтеді. Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы 2019 жылдан бастап студенттерді ақылы тәжірибеден өткізіп келеді. Осы уақытқа дейін Орталықтан 92 студент тәжірибеден өтті. Солардың 9-ы қазіргі уақытта тұрақты негізде жұмысқа орналасты.

Өңірдің жоғары оқу орындарында жол құрылысы мамандықтарының болмауы өзекті мәселе болып қалуда. Осы салаға мамандар даярлайтын барлық университеттер Өскеменде, Алматыда және еліміздің астанасында орналасқан. Сондықтан Президент бастамасының тағы бір артықшылығы Қазақстанда әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуда көрінеді. Жол инженерлерінің пікірінше, бұл автожол саласына көптеген жаңалықтар әкелуге, технологияларды жетілдіруге және осы саладаға жаңа серпілістерге мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы — жол саласындағы кадр тапшылығын шешу инфрақұрылымдық дамудағы маңызды бағыт болып қала береді.

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button