ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токиодағы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты өз жауабын берді.
Трансляция болады деп үміттенеміз. Қазіргі күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жақын арада хабар береміз. Дегенмен трансляция болады деп үміттенеміз, — деді ол.
Сондай-ақ, «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков келіссөздердің жүріп жатқанын, шешім арнаның әлеуметтік желілерінде жарияланатынын айтты.
Ашылу рәсімінен бұрын қатысушылар алғашқы іріктеу сындарынан өтті. Олимпиадашылардың қатарында қазақстандықтар да бар.
Қазақстан құрамасының өкілі Владислав Яковлев «академиялық есуден» іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтады. Оның уақыт көрсеткіші — 7:10.08.
Іріктеудің бірінші айналымында Даниялық Сверре Нильсен көш бастады. Екінші орынды Дженнаро Альберто ди Мауро иеленді.
Сонымен қатар, «садақ атудан» Денис Ганькин алғашқы ондыққа енді. Ол 669 ұпай жинап, 9-шы орынды иеленді. Ильфат Абдуллин 27-ші, Санжар Мұсаев 52-ші орында.
Естеріңізге сала кетейік, ХХХІІ Жазғы Олимпиада Ойындары Жапония астанасы Токио қаласында 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.
Бокстан Олимпиада жеңімпазы қосымша 100 мың АҚШ долларын алады