Ұлттық банк хабарлауынша, алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 граммнан тұратын бес сұрыпта қойылған. Сатып алушылар арасында ең сұранысқа иесі 10 грамдық құйма алтын.
Жалпы сатылымдағы оның үлесі 28%, яғни 12 932 дана. Одан кейін 100 грамдық — 10 830 дана (23%), 20 грамм — 10 637 дана (22%), 5 грамм — 7 235 дана (15%) және 50 грамм — 5 668 дана (12%) ), — деп хабарлады ведомство.
Ең көбі алтын құймалары Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында үлкен сұранысқа ие.2017 жылдан бастап елімізде 1,74 тонна болатын 47 302 алтын құймалары сатылыпты.