Өткен жылмен салыстырғанда, көрсеткіш 5,1 пайызға өсті. Қазір жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімі Целиноград және Көкшетау қаласында байқалады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі жалпы кәсіпкерлер үлесі 69,2 пайызды құрады. Шаруа (фермер) қожалықтары – 12,9%, шағын кәсіпкерліктің айналысатын заңды тұлғалар – 17,6%, орта кәсіпкерлікпен айналысатындар – 0,3 пайызға жетті.