ӘлеуметҚоғамРуханият
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетатау университетінде халықаралық конференция өтті
Бүгін Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универститетінде белгілі қоғам қайраткері Ғалым Байтоқтың 50 жылдығына орай «АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ БЛОГОСФЕРАНЫҢ РӨЛІ: БОЛМЫСЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына магистранттар, докторанттар, оқытушылар, ғалымдар, ЖОО мен ҒЗИ ғылыми қызметкерлері қатысты.
Онлайн форматта ұйымдастырылған конференцияға алыс жақын елдерден ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, қазақстандық зерттеушілер қатысып, 9 түрлі тақырыпта баяндама оқыды.