«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жүсіп Ерболат Ақмола облысы Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды»,- делінген хабарламада.
Жүсіп Ерболат Еркінұлы 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Прокуратура органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етіп келеді.
Сондай-ақ, Ерболат Жүсіп Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының Басқарма бастығы, СҚО Уәлиханов ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы — Аппарат басшысы қызметтерін атқарған.
Сыныптық шені — әділет кеңесшісі.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқарма басшысына пара алды деген күдік келтіріліп отыр
