Олимпиада ойындарының басталуына 1 күн қалды... - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Қоғам

Олимпиада ойындарының басталуына 1 күн қалды…

Төрт жылдықтың басты бәсекесі – Олимпиада ойындарының басталуына 1 күн қалды. ХХХІІ Жазғы Олимпиада Ойындары Жапония астанасы Токио қаласында 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Токио-2020 өткен Олимпиадалармен салыстырғанда инновациялық әлеуеті ең жоғары дода болмақ.

Әлемнің әр түкпірінен жиналған 10 мыңнан астам спортшы спорттың 33 түрінен тартысқа түседі. Аталмыш бәсекеде 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Токио-2020 Олимпиадасының бағдарламасына биыл жаңа 5 спорт түрі енгізілді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг.

Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 27 түрінен бақ сынайды. Жалпы ел қоржынында 97 жолдама бар.

Спортшылардың 49%-ы – әйелдер. Бұл — гендерлік сипаты бойынша мейлінше теңестірілген дода болмақ. 

Айта кетейік, жер жаһанды жайлаған пандемияның әсерінен бір жылға шегерілген байрақты бәсеке көрерменсіз өтеді. 

Принтерден шыққан киіз үйлер… «Көкшетаулық Арбаттың» тағы нендей тамашасы бар?!

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button