NIS – рекордтар алаңы - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғамРуханият

NIS – рекордтар алаңы

Зияткерлік мектептерде биылғы оқу жылы айтулы және көптен күткен оқиға – домбыра сабағымен аяқталды. Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те қазақ халқының басты музыкалық аспабында бір мезгілде мың оқушы ойнады. Аталған шараны Гиннесс рекордтар кітабына «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркеу жоспарланып отыр.

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары бүкіл әлемге біздің еліміз бен мәдениетімізді, халықтың жаны деп атауға болатын басты музыкалық аспапты таныстырды. Нағыз қазақ – домбыра екенін бәріміз жақсы білеміз, сондықтан бүгінгі күнді тарихи деп атауға болады, – деп мойындады «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Көкшетау қаласындағы NIS те бірыңғай барлық Зияткерлік мектептерде өткен «Ең ауқымды домбыра сабағынан» қалыс қалған жоқ. Мектепте бір мезетте 50 домбырашы халық күйі «Тепең көкті» шертті. Сондай-ақ, оқушылар халық әні «Еркем-ай», Құрманғазының күйі «Балбырауын», халық күйі «Жастар биін» де зор ынтамен тартты.  

Биылғы оқу жылының соңғы күнінде «Ең ауқымды домбыра сабағы» өтті. Бұл сабақта біз сандық тәсіл арқылы «Тепең көк» күйінің сағасын талдадық. Осындай мақсат қойдық. Оқушылар сол мақсатқа жетті. Оларға сабақ қатты ұнады, күйді толық меңгеріп шықты. Осындай руханиятты дамытатын игі шаралар көп болса екен дейміз, – деді қосымша білім беру педагогы Әділ Төреғожин.

Қазақ халқының басты ұлттық аспабы – домбыра бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің символына айналды. Қазіргі таңда еліміздегі барлық NIS-те домбыра пәнінің элективті курстары енгізіліп, оның аясында Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлерінің тарихы оқытылады, ал ең танымал жобалардың қатарында «100 күйдің тарихы» жобасы бар. Аталған сабақ та дәл осы жобаның аясында ұйымдастырылды.

Ұлан Батырханұлы

Көкшетау қаласындағы «физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» Баспасөз хатшысы

«WRO-2022»: болашақ инженерлер!

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button