"Ұлы дала мұрагерлері" флешмобы өтті - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақРуханият

«Ұлы дала мұрагерлері» флешмобы өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнерпаздары арнайы YouTube арналарында «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобын өткізді, деп хабарлайды Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Муслима Асхатова.

Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған флешмоб республикадағы барлық зияткерлік мектептерде бір мезетте өтеді. Баспасөз хатшысының мәліметінше, бірлескен жобаның басты мақсаты көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлап, егеменді еліміздің еркін ұрпақтарының өнерін таныстыру және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, қазақ халқының қасиетті домбырасын насихаттау.

Бүгін Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ флешмобында «Шаттық» домбырашылар ансамблі халық күйі «Тепең көк», Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және Әбдімомын Желдібаевтін «Ерке сылқым» күйлерін орындады.

Айта кетейік, дәстүрге айналған домбырашылар флешмобына 25-тен астам домбырашы қатысты.

Көкшетауда еліміздің үздік экскурсоводы анықталды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button