КӘСІБИ МАМАН. ТӘЖІРИБЕЛІ ЖОЛШЫ - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

КӘСІБИ МАМАН. ТӘЖІРИБЕЛІ ЖОЛШЫ

Биыл ҚР ИИДМ Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығына 3 жыл толды. Қысқа мерзімде осы мекемеде еңбек етіп, көптеген жетістіктерге жеткен жолшы-мамандар да аз емес. Соның бірі — ұйымның Ақмола облыстық филиалының зертхана меңгерушісі, тәжірибелі маман Александр Волков. 

Александр Владимирович Волков Көкшетау қаласында 1987 жылы дүниеге келген. Мектепте оқып жүргенде жолшы мамандығын игеремін деп шешім қабылдап, колледжге «жолдар мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2007 жылы Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде оқуын сәтті аяқтап, автомобиль жолдары комитеті жанындағы «Ақмолажолзертхана» өңірлік мемлекеттік мекемесіне жұмысқа келді. «Ақмолажолзертхана» РМК-да ол зертханашы болып еңбек жолын бастады. Жас маман үшін жол саласының қызықты әлемі ашылды, ол жұмыс істеуге және өз саласында кәсіби маман болуға деген ұмтылыста болды. Жұмыс істеп қана қоймай, Александр Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясында жоғарғы білім алды. 2016 жылға дейін Александр Владимирович зертханашы, сарапшы, жол материалдары бойынша инженер, жол инженері сияқты әр түрлі қызметтерді атқарды. 2016 жылы ол «Астанажолзертхана» РМК басшысы болып еңбек етті. Кейін Көкшетау қаласындағы «Ақмолажолзертхана» РМК жол инженері болып қызметін жалғастырды. 2019 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Ақмола облыстық филиалы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Ақмолажолзертханасы» РММ базасы негізінде құрылды. Александр тәжірибесі жеткілікті әре перспективалары мол маман ретінде филиалдың сапаны бақылау және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

«Біздің ұйымның құрылуы кезінде қызмет ету оңай болған жоқ. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа мамандар келе бастады, көптеген өзгерістер енгізілді. Соның бәрі оң нәтижелерін бере бастады. Сол кезде мен бөлім басшысы болдым, маған үлкен сеніммен жауапкершілік артылды, сондықтан осындай лауазымда жүргесін жұмысқа деген ынтамыз жоғары болды. Яғни, сол сенімді ақтауға тырысып, әріптестерімізбен аянбай еңбек еттік», — дейді Александр Волков.

Сонғы жылдары Ақмола облысының жол-құрылыс саласында көптеген маңызды және ауқымды жобалар іске қосылып, жүзеге асырылды. Көптеген шақырым жолдар салынды және жөнделді, алда көптеген жоспарлар бар. Бірнеше ірі жобалардың, соның ішінде «Нұр-Сұлтан-Щучинск, «Щучинск-Зеренді», «Ақкөл-Азат-Минское», «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциясын іске асыру кезінде Александр Волков сүбелі еңбек етті. Соны ескере отырып, ҚР ИИДМ Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы оны жол саласына қосқан үлесі және сапалы қызметін жоғары бағалып «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Осы жылы жолшының мол тәжірибесімен және кәсіби қабілеттерін ескере отырып басшылық ЖАҰСО Ақмола облыстық филиалының зертхана меңгерушісі лауазымына тағайындады.  Бүгінде Александр Владимирович мекеме қызметінің ең жауапты бағыттарында жұмыс істейді.

Александр Волковты кәсіби және жеке қасиеттерін ұжымда да ерекше атап өтті. Тәжірибелі маман әріптестер арасындағы зор беделге ие және жаңадан келген жолшыларға үлгі, — дейді олар. Филиал жұмысында ол әрқашан маңызды буын болып табылады.

«Александр Владимировичпен жұмыс істейтінімізге он бес жылға жуықтады. Бірге қатардағы зертханашы да болдық. Оған жүктелген жұмыстың орындалуы мен нәтижесі туралы алаңдамауға болады. Ол әрдайым әр тапсырмаға жауапкершілікпен және батылдықпен кіріседі. Терең білім, кең ой-өрісі мен жақсы нәтижелерге деген талпынысы бар. Әріптесімізді әрдайым басқа жас қызметкерлерге үлгі етеміз. Александрдың тағы бір жақсы қасиеті – ылғи жаңа білім алып, жаңа қабілеттерді меңгергісі келеді», — дейді зертхана сарапшысы Сәкен Мұқышев.

Александр Владимирович әрқашан жемісті нәтижеге ұмтылыста және мұнымен тоқтап қалмауға ниетті. Оның айтуынша, алда жоспарлар мен міндеттер аз емес, ол үшін жұмыс істеу, күш салу және өзін-өзі жетілдіру қажет.

«Мен жұмыс істейтін автожол саласы туралы ерекше айтқым келеді. Бұл дамудың өте жауапты және маңызды бағыты. Жолшылардың бірыңғай командасы бар күш-жігерін салып, осы салада жетістіктерге жетуді жалғастырады деп ойлаймын. Бұл үшін кез келген жолшы, қатардағы маман болсын, басшы болсын, өз үлесін қосуы керек. Бұл мені өз жұмысыма жауапкершілікпен қарауға міндеттейді», — деп түйіндеді Александр Волков.

ЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ?

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button