Бұл туралы Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлап, бірқатар БАҚ сүйіншілеп, жазған болатын. Өйткені, бұл – соңғы 10 жылда дүние есігін ашқан алғашқы үшем.
Бүгін дәрігерлер сәбилерді үйге шығаруға рұқсат берді. Қазір үшеуінің де денсаулығы жақсы. Ата-анасы оларға Әлихан, Исмаил, Рамазан деп ат қойыпты.
Үшемнің әкесі Азат Ермек құрылыс саласында дәнекерлеуші болып жұмыс істесе, жұбайы Зәуреш балабақшада тәрбиеші. Үшемнен бөлек олар екі қызды тәрбиелеп отыр. Үлкен қуанышқа бөленген жас отбасының ендігі арманы – баспаналы болу. Жастар әкімдік тарапынан қолдау болатынына сенім білдіреді.