Көкшетау - Хан ордасы - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақАйшықты АқмолаКөкше кереметі

Көкшетау — Хан ордасы

XVIII ғ. Бурабай көлінің жағалауындағы, Көкшетау тауының баурайын алып жатқан қалың қарағайлы тоғай ортасында орналасқан (Ақмола облысы, Бурабай ауданы). Ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерге сай қазіргі Абылай хан ордасында үш жүздің билері мен батырлары жиналып мәжіліс өткізілген. Сонымен қатар, тарихи деректерде осы жерде XVIII ғ. Қазақ хандығы тарихындағы белгілі мемлекет қайраткері мен саяси көшбасшы Абылай ханның ордасы орналасқан. Және де, бұл жердің микроклиматы ерекше жігерлендіретін қасиетке ие бірегей табиғи ескерткіш болып табылады.

Абылай хан (1711–1780 ж.ж.), толық есімі мен лауазымы – Абылай-Мұхаммед- Бахадүр-хан, Қазақстан тарихынан қазақ халқының басына қиын жағдай орнап, қазақ жерін жаулап алған жоңғар әскеріне қарсы әскери текетірес кезінде басшылық жасаған белгілі мемлекеттік қайраткері ретінде орын алған. Орта және Ұлы жүздің басым бөлігінің ханы, 1771–1780 ж.ж. қазақтардың ұлы ханы («кулл ханларның ағлысы қылыб»). Абылай – Жәдік сұлтан әулетінен тараған, XVII ғ. Созақ қаласын басқарған Абылай сұлтанның немересі, Уәли сұлтанның ұлы.

Ш.Ш. Уәлиханов өзінің атасы туралы былай деп жазады: «Көптеген соғыстарға алғашында қатардағы жауынгер ретінде қатысып, кейін өзінің батыл ерлігі мен айлакерлігін көрсете білді. Ол ұсынған пайдалы кеңестер мен стратегияның нәтижесінен болса керек, оның есімі данагөйлікпен теңдес айтылады».

Абылай хан өзін дана саясатшы, дарынды көшбасшы және көрнекті дипломат ретінде көрсете білді. Өзінің алғашында Орта жүздің ханы, кейін қазақтың ұлы ханы ретіндегі жартығасырлық қызметі кезінде Қазақ даласының солтүстік, орталық және оңтүстік- шығыс аймақтарында саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Солтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көшпелі қазақ тайпалары мен руларының территориясын айтарлықтай кеңейтіп, Ресей, Цинь империясы және Орта Азия хандықтарымен сауда-экономикалық байланыстарды тұрақтандыра білді. Абылай ханның жауынгерлік ерліктері мен ұйымдастырушылық қабілеті – сол кезеңдегі атақты Бұқар жырау, Тәттіқара, Үмбетей мен т.б. жыраулардың өлеңдерінде мадақталған. Ш.Ш. Уәлиханов: «Қырғыз аңыздарында Абылай поэтикалық даңққа бөленеді. Оларда Абылай ғасыры қырғыз рыцарлығының ғасыры болып табылады» – деп жазады.

Бурабай көліне жақын аймақтар қазақмемлекеті тарихындағы аса көрнекті тарихи қайраткердің 280 жылдығын атап өту құрметі кезінде халық арасында «Хан ордасы» ретінде танымал «Абылай ханның ордасы» мемориалды-экспозициялық кешеннің негізі қаланады. Кешеннің ортасына биіктігі 35 м болатын ақ металдан жасалған стела орнатылады. Ескерткіш сегіз бұрышты, айнала қойылған бағаналар түрінде орындалған (стереобат). Оның алдыңғы нишасында Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы орнатылса, ал қалғандарына қазақтың мүйізді ою-өрнегімен безендірілген қалқандар қойылған. Байрақ пен қалқанға бейбітшілік ағашын бейнелейтін шашақ бау бекітілген. Нысанның негізгі төрт бағанасы әлемнің төрт жағын бейнелейді. Сондай-ақ осының барлығы қазақ киіз үйін еске түсіреді. Алтын ою-өрнекпен безендірілген жебенің ұшы тәрізді жасалған сегізқыры негізі көкке ұмтылып тұр. Ескерткіштің артындағы ағаштардың арасында табиғи түрде қалыптасқан хан тағы пішініндегі гранитті тас орналасқан. Аңыздарға сай, Абылай хан қазақ старшиналарымен кеңес жүргізгенде осы таққа салтанатты түрде отырған. Кейінірек осы жерде Абылай ханның өмірі мен қызметі туралы ақпарат беретін және Қазақ хандығы тарихын баяндайтын тарихи-экспозициялық зал ашылады.

«Абылай хан ордасы» мемориалдық- экспозициялық кешені бұрыннан-ақ қазақ халқы үшін қазақ мемлекеттілігінің, ұлттық бірлігі мен дала рыцарлығы уақытының нышаны ретінде саналды. Қазақ хандығының саяси және халықаралық дамуы, дәл осы көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан есімімен байланысты. Қазақ тарихындағы қиын кезең қазақ-жоңғар соғысы дәуірінде Абылай хан қазақ халқына басшылық жасап, сыртқы жауларға қарсы тұрарлықтай соққы беріп өз жерін сақтап қалды. Абылай хан есімімен әрбір қазақстандық өзінің ерлікке толы өткенімен, өз отанымен, өз тәуелсіздігімен мақтанады.

Деректер

  1. Абылай хан: Энциклопедия / Құраст. – авт.: Б.К. Жұматаев, К.Ә. Нүрпейсов, Ғ. Жандыбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – 656 б.
  2. Валиханов Ч.Ч Собрание сочинений в пяти томах. – Т. 4. – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1968. – 782 б. (111-116 бб). Ерофеева И.В. Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время). – Алматы: ИД «Аркаим», 2001. – 152 б. (123-128 бб.).
  3. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық / Құраст.: Ә. Көпіш. – Алматы: Өнер, 2016. – 1 кітап. – 177 б.
  4. Сурет Ақмола облысы Ескерткіштерді қорғау орталығынан алынды.
Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button