Зияткерлік мектептің 4-сынып оқушысы Өмірзақ Айлана мен ғылыми жетекшісі Харахат Қалемшаривқызы «Экодорбалар» тақырыбындағы ғылыми жұмысы бойынша авторлық құқыққа ие болды. Жас ғалым қоршаған ортаны зиянды заттардан сақтау мақсатында экоқапшықтар ойлап тапқан. Ыңғайлы, берік, ең бастысы, экологияға зияны жоқ бұл өнімді тұрмыста кеңінен пайдалануға болады.
Бұл жұмыс арқылы мен бүкіл қоқысты жоя алмаймын. Алайда, оның бір түрін азайта аламын. Ол — полиэтилен пакеттер. Соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғау жаһандық мәселеге айналды. Соның ішінде полиэтилен өнімдерін қайта өңдеу мәселесі ерекше өзектілікке ие болды. Ақпаратты зерттеу кезінде мен бір фото көрдім. Онда кениялық оқушы ақшасы жоқтығынан сөмкенің орнына банан жапырықтарын қолданған. Маған осы идея ұнады. Сондықтан да, полиэтилен пакеттерді экодорбаларға ауыстырдым, — дейді Айлана.
Айлананың айтуынша, экоқапшықтардың матасын жетекшісімен бірге 4 ай бойы таңдаған. Жаңбырлы күндері оны топыраққа көміп, материалдың шіру процесін зерттеген. Сондай-ақ, өнімнің түріне және беріктігіне аса көңіл бөліп, сапалы нұсқасын таңдаған.
Біздің бұл экодорбалар атты зерттеу жұмысымыз қарапайым болып көрінсе де, біз олардың маталарын таңдау кезінде 2 критерийге назар аудардық. Бірінші, қоқысты жоюдың үш түрі бар. Жандыру, жерге көму сияқты. Осы біздің маталарымыз қоқысты жою кезінде қоршаған ортаға қаншалықты тиімді. Біздің сыныптағы мектеп оқушылары белсенді қолданады. Сондай-ақ, дүкендерге де ұсынып отырмыз. Зерттеу аяқталды, алайда әлі қолданысқа енгізу мәселесімен айналысып жатырмыз, — деп атап өтті Айлананың ғылыми жетекшісі.
Бұл экодорбалардың артықшылығы, қайта пайдалану мүмкіндігінде, экологиялық тазалығында, ыңғайлылық және дизайнында.
Экодорбалар ecolana_kz деген атаумен шығады. Eco, Айлана және Қазақстанда жасалған деген мағына береді, -дейді Харахат Қалемшаривқызы.
Бұндай дорбаларды тұрмыста кеңінен пайдалануға болады. Қазіргі таңда дайындалған экодорбаларды Айлананың сыныптастары күнделікті өмірде қолданып жүр.
«ИНЖЕНЕРЛЕРДІҢ УАҚЫТЫ КЕЛДІ» — ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ