Диплом табыстау шарасындағы былықтар - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

Диплом табыстау шарасындағы былықтар

Аты өзгеріп, заты со қалпы қалған Ualikhanov University-дің салтанат залында магистр дәрежесін алған түлектерге диплом табыстау іс-шарасы өткізілді.

Сахна төріне түлектерге арналған тілегі бар баннер ілінген: «Сіздерді магистратураны бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге одан әрі табысты ғылыми қызмет, жаңа ашылымдар қуанышы, шабыт және өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер тілейміз. Кез келген ШЫҢДАР сіз үшін оңай ЖАЗАЛАНСЫН, жоспарларыңыз мүмкіндігінше тез орындалсын».

Ұйымдастырушыларды былай қойғанда, іс-шара ішінде самсап жүрген сансыз институт директорлары, проректорлардың ішінде «Айналайындар-ау, мынау жазғандарың не?» деп көз жүгіртіп, тексеріп, көңіл бөлгендер болмаған ба?.. Не дейін?

Сауатсыздық па? Өз ісіне деген шалағайлық па? Не бұл?

Диплом құны – 1 млн-дай, сиқы – ұсқынсыз А4 парақ (көрген боларсыздар).

Республиканың өзге университеттері тәрізді сырты қатты мұқабасын жасатуға да жарамады. Мән берген жоқ.

Түлектерге қазақша тілек жазамыз деп бас қатырған жоқ. Орысшадан интернетпен (!) аудара салды. Аса мән берген жоқ.

«Пусть любая ВЕРШИНА БУДЕТ легко ПОКОРЕНА вами» дегілері келді ме… Оның орнына «Кез келген ШЫҢДАР сіз үшін оңай ЖАЗАЛАНСЫН» деп шығыпты. «Машинный перевод» дейді ондайды. Машина екеш, машина да ақылды екен, «шыңдарда отырғандар жазалансын» деген емеурін танытқаны болар…

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button