Бокстан Олимпиада жеңімпазы қосымша 100 мың АҚШ долларын алады
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Ракишев Токио Олимпиадасында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшыларға қосымша жүлде қорын тағайындады.
Бірінші орын иегеріне – 100 мың, екінші орынға – 70 мың, үшінші орын үшін – 50 мың АҚШ доллары беріледі.
Сонымен қатар, боксшылардың жеке бапкерлері де қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталады. Олимпиада чемпионын дайындаған жаттықтырушы – 25 мың, күміс жүлдегердікі – 15 мың, қола медаль иегерінің бапкері – 10 мың АҚШ долларын алады.
Бокстан Токио-2020 Олимпиадасында ел намысын 9 ер және 1 бұрымды боксшы қорғайды:
52 келі – Сәкен Бибосынов
57 келі – Теміржан Серік
63 келі – Сафиуллин Закир
69 келі – Жүсіпов Абылайхан
75 келі – Аманқұл Әбілхан
81 келі – Нұрдәулетов Бекзат
91 келі – Левит Василий
+91 келі – Қамшыбек Қоңқабаев
75 келі – Рябец Надежда
Естеріңізге сала кетейік, ертең төрт жылдықтың басты бәсекесі — Токио-2020 Олимпиада ойындары басталады. «Көкше-Контент» ақпарат агенттігі дүбірлі додадан жедел ақпарат жариялап отырады.