Қазгидромет - демалыста күн жылы болады - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Қазгидромет — демалыста күн жылы болады

Қазгидромет 16-18 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.

«Қазақстан аумағына антициклон әсер етуі жалғасады. Республиканың барлық дерлік аумағында құрғақ, жылы күн райы сақталады. Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана циклон әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Республиканың батыс, солтүстік-батыс бөлігінде күндіз ауа температурасы 12-22 градус жылы болса, солтүстік, шығыс және орталығында 13-20 градусқа дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 13-23 градусқа дейін көтеріледі», — делінген хабарламада.

Бурабайда сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button