Өткен демалыс күндері өңір аумағында ауа райы жағдайы нашарлап, жауын-шашын, қатты жел, көктайғақ құбылыстары орын алды. Сондықтан филиал мамандары облыстың автожолдарындағы жол мен жол жабынының жағдайын бақылау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Бүгін сапаны бақылау және мемлекеттік есепке алу бөлімінің инженері Жанат Салықов Республикалық маңызы бар «Көкшетау-Щучинск», «Щучинск-Нұр-Сұлтан», «Көкшетау-Омбы» автомобиль жолдарының учаскелеріне шығып, тексеріс жүргізді. Жол жабынын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жүргізу сапасы, жол белгілерінің жай-күйі, тайғаққа қарсы материалдарды себу және т. б. тексерілді.
«Автожолдардың қалың қар басатын учаскелері, жол жиектері тексерілді. Өйткені дәл қыс мезгілінде жол жамылғысында ақаулар болуы мүмкін, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Тексеру кезінде доңғалақты арқалықтың қармен бітелгені, жол белгісі деформацияланғаны, жол белгісі болмағаны анықталды. Барлық ескертулер тіркеліп, нұсқамалар қысқа мерзімде жойылуы үшін жауапты жол ұйымына жіберіледі», — деп түсіндірді филиал инженері Жанат Салықов.
Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың сапасын бақылау және қысқы күтіп ұстау талаптарының сақталуы бойынша іс-шаралар жалғастырылатын болады. Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалы аймақ тұрғындары мен жүргізушілерге ауа-райы нашарлаған, қалың қар жауған, тұман мен көктайғақ кезінде алыс сапарлаға және шұғыл қажеттіліксіз елді мекендерден тыс жерлерге шықпау жөн екенін еске салады.
«Автожолдарда жүрген кезде ауа райы жағдайлары мен жол жабынының жағдайын ескере отырып, жол қозғалысының барлық ережелерін сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ, сапар алдында сіздің автомобиль және оның аспаптары дұрыс жұмыс істейтінін тексеріп алу қажет. Бұл жол қауіпсіздігіне де әсер етеді. Бірақ ауа-райы нашар болған кезде автомобиль жолдарында жүруден аулақ болған жөн. Жолдарда абай болуларыңызды сұраймыз», — деп қорытындылады Жанат Салықов.