АВТОЖОЛДАР: БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САПА - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

АВТОЖОЛДАР: БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САПА

Қазақстанда автомобиль жолдарының сапасына соңғы кезде басты назарда. Автожолдарды құрылысы мен жөндеуіне көп миллиардтық бюджет қаражат бөлініп, оның жұмсалуы бақылауды талап етеді. Жол жөндеу жұмыстарының және қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасы жол активтернің Ұлттық Сапа Орталығының бақылауында екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, авторлық және техникалық қадағалау қызметтері, сондай-ақ аккредитацияланған зертханалар тарапынан бақылау іске асырылады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» ШЖҚ РМК қызметінің негізгі бағыты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау, сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады. Оның қызмет спектріне жолдарды диагностикалау және тексеру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу кіреді. жол активтерніңі Ұлттық Сапа Орталығының барлық өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өз филиалдары бар.

Ақмола облысында автомобиль жолдары жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісінің ұзындығы – 7,8 мың шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар 2,3 мың шақырым. Барлық осы жолдардың сапасын бақылауды жол активтерінің Ұлттық Сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалы жүзеге асырады. Сонымен қатар, филиалдың жауапкершілігінде кейбір кентішілік жолдар мен елді мекендердің көше-жол желісі де бар.

«Біздің филиал 2019 жылы «Ақмолажолзертхана» РММ негізінде құрылды. Үш жыл ішінде біз республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға 1800-ге жуық шығуды өткіздік, 3 300-ден астам бұзушылықты анықтадық, жол-құрылыс материалдарының 4 479 сынамасын алып, сынақ алып, зерттеу жүргіздік. Өздеріңіз білетіндей, бізде жолдарды күрделі жөндеу және салу кезінде бес сатылы бақылау жүргізіледі. Бұл тапсырыс беруші тарапынан, авторлық және техникалық қадағалау, мердігер ұйымның сапа қызметі және жол активтерінің Ұлттық сапас Орталығы. Сондықтан ең жауапты міндеттер біздің жұмысымызға қойылады. Бізде барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сынақ зертханасы және жылжымалы зертхана бар. Олар әр түрлі сынақ жұмыстарын, сапаны бақылауды, диагностика мен өлшеулерді жүргізе алады», — деп бөлісті жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Жүсіпов.

Қазір филиал инженерлері «Retrosigngrx» және LTL-XL ретро-рефлектометрлері, курвиметр, өлшегіштер, керн іріктегіші сияқты заманауи жол аспаптарымен және аппараттарымен жұмыс істейді. Сондай-ақ филиалдың жауапкершілік спектрінде автожолдардағы жол жағдайы, жол белгілерінің жай-күйі, қысқы күтіп ұстау сапасы, қозғалыс қарқындылығын есепке алу да бар. Жұмыста автомобиль жолдарының жағдайын диагностикалау да маңызды орын алады. Осылайша, мамандар кепілдік учаскелерін диагностикалау бойынша аспаптық өлшеулерді және республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының нақты жағдайын, сондай – ақ олардың көлік-пайдалану жағдайын диагностикалау және бағалау бойынша аспаптық жұмыстарын жүргізеді. Олардың нәтижелері бойынша автомобиль жолдарының техникалық жай-күйінің мынадай көрсеткіштері айқындалады: жол жүрісі қауіпсіздігінің деңгейі; жабынның тегістігі; ілінісу коэффициенті; серпімділік модулі, геометриялық параметрлері, сондай-ақ жол төсемінің ақаулары. Ақаулы учаскелерде диагностика бойынша жүргізілген іс-шаралар негізінде филиал жөндеу жұмыстарының қандай да бір түрлерін жүргізуге және ақауларды жоюға ұсынымдар береді. Жалпы, жол активтернің Ұлттық Сапа Орталығының жұмысы үлкен маңызға ие болуда.

«Көлік туралы» заң жобасы шеңберінде орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында кепілдік кезеңінде мердігерлік ұйымдармен тең авторлық және техникалық қадағалаудың ортақ жауапкершілігін енгізуді, сондай-ақ жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығына көше-жолдардағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді беруді көздейтін түзетулер енгізіледі. Сонымен қатар, жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілер өңделуде, жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтау бойынша әдістеме әзірленді», — деп атап өтті Талғат Жүсіпов.

Автомобиль жолдарының жай-күйі, жөндеу және құрылыс сапасын бақылау мәселесінде филиал өңірлік ведомстволармен, оның ішінде полиция департаментімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, көліктік бақылаудың аумақтық инспекциясымен, облыстық көлік прокуратурасымен, «AQMOLA-ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесімен жемісті ынтымақтастық жасайды. Филиал «Халық бақылау» жобасын белсенді іске асыруда, оның шеңберінде жұртшылық және БАҚ өкілдерімен бірге халықтың өтініштері мен шағымдары бойынша жол-құрылыс материалдарының сынамаларын алу және шығу жұмыстары жүргізілуде.

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button