"Арқаның Айбозы" І Республикалық байқауы бастау алды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақРуханият

«Арқаның Айбозы» І Республикалық байқауы бастау алды

ЗКТ: «Арқаның айбозы». Дәл осындай атаумен Көкшетау қаласында Қажыбай Жахин атындағы І республикалық дәстүрлі әншілер байқауы басталды. Фестиваль Көкшелік әнші Қажыбай Жахиннің атын өшірмеу, дәстүрін жалғастыру мақсатында өткізіліп отыр. Шараның шымылдығын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әділ қазы алқасының төрағасы Рамазан Стамғазы ашты.

СНХ: РАМАЗАН СТАМҒАЗЫ – ӘНШІ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ –

ЗКТ: Шара Ақмола облысы әкімдігі мен мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Байқауға қазақ даласының сегіз тарап, төрт төңірегінен әр өңірдің үкілеген үмітін арқалап келген әнші-өнерпаздары жиналды. Ақмола облысының туын жықпаймын деп келген Бауыржан Нұрмұханов байқау алдындағы ішкі толғанысы мен қуанышын жасырмады.

СНХ: БАУЫРЖАН НҰРМҰХАНОВ – ҚАТЫСУШЫ  – Қажыбай ағамыздың өтейін деп жатқан байқауы бәрімізге оң болсын, құтты болсын! Барлық қатысушыларға тек сәттілік тілеймін. Абыроймен өтсін. Біржан сал, Ақан сері өзіміздің еліміздің туын жықпауға үміттенемін, соған тырысамын. Бүгінгі сайысқа Біржан салдың «Жанботасы» бар… Ақселеу Сейдімбектің «Сарыарқасы», халық әні «Қарғаш». Қажыбай ағамызды тыңдап өстік қой. Ол кісі көріп қалған жерінен «Құлыным, ботам» деп. Үйге кел деп… әндерін естіп, тыңдап, сахналарға шықтық.

Барлығын танимын. Талай-талай конкурстарға қатыстық. Бірде былай, бірде былай ғой. Бақ шаба ма, бап шаба ма? Кейде біреу алып кетеді, кейде біреу алып кетеді. Білмеймін, көреміз. Дайындыққа байланысты. Көп нәрсеге байланысты.

ЗКТ: Елорданың намысын қорғап келген Сәкен Әлімханов та сал-серілердің жерінде өнер көрсету оңайға соқпайтынын жеткізді.

СНХ: СӘКЕН ӘЛІМХАНОВ – ҚАТЫСУШЫ – Бәріміз қобалжудамыз. Сайысқа сәттілік болсын. Ниеттенеміз ғой енді. Бірақ, осындай бір конкурстың пандемиядан кейін алғашқы конкурс. Енді Көкшетау елі нағыз сал-серілердің мекені болғаннан кейін бұл жерде негізі біртуар азаматтар көп. Олармен бірге сайысқа түсу де оңай емес бізге. Сондықтан енді қобалжу да бар. Бүгін Ақан сері, Біржан салдардың әндерін орындаймыз.

ЗКТ: Айта кетейік, аталған фестиваль 2 күнге созылады. Яғни, ежелден сал мен серілердің мекені болған Көкшетауда 2 күн бойы ән мен жыр дәурен құрады. Қарашаның 18-і күні байқаудың соңы – Гала-концертте еліміздің түкпір-түкпірінен келген әнші-өнерпаздар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, байқаудың қорытындылары шығарылып, жүлдегерлер анықталады.

Тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өтті

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button